Жақында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен «Сахнагер-2019» ұлттық театр сыйлығының салтанатты марапаттау кеші өтті.
Ұлттық театр сыйлығы елімізде биыл үшінші рет өз иегер-лерін тапты. Олардың қатарында драма, опера, балет, қуыршақ, жастар театрларында еңбек етіп жүрген, айрықша дарыны мен шығармашылығы арқылы театр өне-рінің дамуына зор үлес қосқан кәсіби мамандар бар. Өңірімізде-гі Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері де марапаттан құр қалмады. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі «Театр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» аталы-мы бойынша Сердеш Қажымұратов марапатталды. Ал Ержан Қажымов «Ең үздік дыбыс режиссёрі» атанса, актриса Наргиз Шадыева «Үміт» сыйлығын иеленді.