20.12.2019, 16:57
Қараулар: 307
Туу куәлігін қайтара алу үшін онлайн өтініш беру

Туу куәлігін қайтара алу үшін онлайн өтініш беру

Егер балаңыздың туу туралы куәлігін жоғалтып не бүлдіріп алған болсаңыз, оның телнұсқасын алуға өтінішті ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн беруге болады.

Әдеттегідей, сізге egov.kz көмектеседі.

Ең алдымен порталға кіріп, «Туу туралы куәлікті қайталап алуға өтініш алу» қызметін таңдаңыз. Оған онлайн сұрау салып, ЭЦҚ-мен немесе бір реттік парольмен қол қойыңыз.

Қызмет ақысы.

Мемлекеттік қызмет құнын төлеу үшін картаңызды пайдаланасыз, қызмет құны – 1 АЕК.

Өтінішіңіздің қабылданғаны және дайын болғаны туралы ақпарат жеке кабинетіңізде көрінеді.

Дайын құжатты алып кету үшін мемлекеттік корпорацияның фронт-офисіне жүгінесіз. Өзіңізбен бірге жеке кабинетіңізге келген хабарлама мен жеке басты куәландыратын  құжат  болуы  қажет.

Онлайн қызметті баланың туу туралы жазбасы 2007 жылдың 13 тамызынан  бастап жазылған азаматтар ала алады. #oqytoqy

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар