20.12.2019, 16:49
Қараулар: 399
Екі теңгеге қымбаттамақ

Екі теңгеге қымбаттамақ

Жаңа жылдан бастап облыс тұрғындары үшін электр энергиясының тарифі қымбаттамақ. Ал өңірдегі бюджеттік мекемелер қолданылған электр энергиясын бұрынғы бағамен төлеп,  үнемделген қаржы Орал қаласын көгалдандыруға, жарықтандыруға және абаттандыруға жұмсалмақ. Бұл туралы өңір тұрғындарының қоғамдық тыңдауында айтылды.

– «Батысэнерго» ЖШС тұрғындар  үшін тарифті 2 теңгеге (қазіргі 10.30 теңгеден 12.63 теңгеге дейін), бизнес өкілдері үшін бір теңгеге (қолданыстағы 18.48 теңгеден 19.48 теңгеге дейін) ұлғайтуды ұсынып отыр. Кәсіпорынның электр энергиясын жеткізуші компанияларға берешек  қарызы 800 миллион теңгеден асты.

Сондықтан кәсіпорын тарифті көтеруге мәжбүр. Бұл тек облыс тұрғындарына ғана қатысты. Бюджеттік ұйымдар мен бизнес-нысандар  бұрынғы бағамен төлейтін болады, – деді «Батысэнерго» ЖШС-ның бас директоры Дина Галиметденова.

Басқосуда сөз алған облыс әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев бюджеттік мекемелерге облыстық қазынадан қосымша субвенция төлейтінін атап өтті.

Бұл қаражатқа жыл сайын қосымша мектептер салуға, балабақшалардағы орын санын арттыруға, аулаларды абаттандыруға, көшелерді жарықтандыруға және қаланы көгалдандыруға болады. Бұл ретте біз әрбір пәтердің және үйдің коммуналдық қызмет көрсету шығындарын талдап көрдік.

Нәтижесінде үнемделген қаржыны қала мен облыстың қажеттілігіне жұмсауға болады, – деді ол.

Бұған жиынға қатысқан бірқатар тұрғындар өз наразылықтарын білдірді.

Гүлсезім БИЯШЕВА,

«Орал өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар