13.12.2019, 10:17
Қараулар: 282
Құрметті  батысқазақстандықтар!

Құрметті  батысқазақстандықтар!

Сіздерді еліміздің қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жиырма сегіз жыл бұрын біз Мәңгілік ел болудың бірегей қадамын жасап, дүние жүзіне тәуелсіздігімізді жария еттік. Сөйтіп, ата-бабаларымыздың арманы ақиқатқа айналып, азаттыққа қолымыз жеткен болатын.

Кең байтақ жері бар, көңілі дархан, ниеті шалқасынан ақжарма халқымыз осы жылдарда талай белестерден өтті. Даңқы дүние жүзіне жайылды. Тәуелсіздік пен бостандықтың бесігін тербеткен Тұңғыш Президентіміз – Елбасы осы жылдарда алысты жақындатты, сан ұлтты бауыр етті, республикамызды жер жүзіне танытты. Енді бұл жолды Нұрсұлтан Әбішұлының ізбасары, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жалғастырып, елімізді нұрлы келешекке бастап барады.

Тәуелсіздік – тілімізді жаңғыртып, ділімізді қайтарған, тарихымызды түгендеп, тағдырымызды таңдаған ұлы уақыт. Отыз жылға жуық уақыт ішінде Қазақстан өзіндік дамудың даңғыл жолына түсіп, саяси әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан зор жетістіктерге жетті. Біздің облысымызда да жыл сайын халықтың әл-ауқатын арттыруға, өмір сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалар, жобалар жүзеге асуда.

Әлемге халқымыздың азаттық сүйгіш, рухы биік екендігін паш еткен Тәуелсіздік күнімен сіздерді құттықтай отырып, әрқайсыңызға мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін!

Еліміздің келешегі кемел, болашағы жарқын болғай!

Игі  тілекпен: Ғали ЕСҚАЛИЕВ,

Батыс Қазақстан облысының әкімі        

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар