10.12.2019, 13:44
Қараулар: 354
Жетістікке қалай жетуге болады?

Жетістікке қалай жетуге болады?

Сенбіде шаһардағы «Ақ сарай» мейрамханасында өткен «Business Power-2019» ІІ масштабтық бизнес-форумында бұл туралы кеңінен сөз болды.

Шараны ұйымдастырушы «Business Power» компаниясының негізін қалаған Айнаш Бижанованың сөзінше, бұл еліміздегі аймақтық ең ірі форум болып отыр. Себебі бизнес өкілдері мен кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы жандардың басын қосқан шараға 700-дей адам қатысты. Олардың арасында Ақтөбе, Ақтау және Атырау қалаларынан да келгендер бар.

– Бизнес форум жаңа форматта ұйымдастырылды.  Бұл  тың стартап жобаларды қолға алуға ынталандырады. Мұндағы спикерлер де өз еңбектерімен жетістікке жеткен жандар. Олар өздерінің тәжірибесімен, бизнес құпияларымен бөлісті. Яғни форум ынталандыруды, жігерлендіруді көздейді. Әр адамның ой түйіп, жаңа ісін бастауына түрткі болса дейміз. Халыққа үлгі болатын осындай шынайы өмірлік тәжірибелерді көрсету керек. Біз көбіне мұнайгаз саласына арқа сүйейміз. Ал шағын және орта бизнесте тек жастар емес, жасы үлкендерге де стартап жобалар жасауға болады. Олар өз кәсіптерін бастап, белсенділік танытқандары жөн. Бүгінде IT қызмет кең құлаш жайып келеді. Экспорт үшін бұндай қызмет әлеуетінің шегі жоқ. Біздің өңірімізде білім жоғары деңгейде әрі сапалы түрде беріледі. IT мамандар даярлап шығаруға мүмкіндік  көп әрі олардың болашағы зор. Сондықтан да қазір біз осы саладағы бизнесті қолдап, мүмкіндіктерін арттыруға ниеттіміз, – деді жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев.

Сонымен қатар басқосуда   білім беру саласындағы жетекші бизнесмен, «Синергия-Казахстан» университетінің президенті Бауыржан Қасымбергебаев, «Domino home & horeca» дүкендер желісінің негізін салушы, «Жарқын кәсіпкер» кәсіпкерлер клубы басқармасының төрағасы Жалғас Дәулетов, «СинергияКазахстан» университетінің даму департаментінің директоры Дана Садықова, Қазақстандағы Яндекс.

Такси жүйесіндегі ірі таксопарктердің бірінің негізін қалаған Тимур Құдайбергенов,  Нью-Йорк марафонындағы жеңісі үшін есімі Гиннестің рекордтар кітабына енген Сергей Бурлаков, кәсіпкер Марғұлан Сейсембайлар өздерінің тәжірибелерімен бөлісті.

Ясипа РАБАЕВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар