10.12.2019, 13:37
Қараулар: 339
«Техникалық  реттеу  және  экспорт  алгоритмдері»

«Техникалық  реттеу  және  экспорт  алгоритмдері»

Дәл осындай атаумен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасында дөңгелек үстел өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – өңіріміздегі экспортқа бағытталған кәсіпорындарға ҚХР, Түркия, БАӘ, Иран және Германия секілді елдердің  техникалық реттеу, стандарттау, сәйкестігін бағалау жүйелерін, сондай-ақ осы елдерге азық-түлік және өнеркәсіп өнімдерін экспорттау алгоритмдерін көрсету болып табылды.

Дөңгелек үстелге ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің, облыс әкімдігінің, ұлттық кәсіпкерлік палатасының, БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, аумақтық инспекциясының, сондай-ақ әлеуетті экспорттаушы кәсіпорындардың өкілдері қатысты.

Стандарттау жөніндегі ұлттық құрылымның өкілі Болат Абайұлы әрбір елдің өзінің ерекшеліктері мен техникалық реттеудің қыр-сырлары бар екенін атап өтті. Мысалы, Қытайға жеткізілетін өнімдер ҚХР стандарттарына сәйкес келуі керек және міндетті сертификаттаудан, инспекциялаудан, тіркеуден өтулері тиіс. Біріккен Араб Әмірліктері аумағында Парсы шығанағы елдерінің аймақтық GSO стандарттары қолданылады. Иранда халал сертификатына сәйкес міндетті талаптарын орындау қажет. Ал Германияға органикалық өнімді жеткізу үшін өнім «Егістіктен – үстелге дейін» деп аталатын жүйенің барлық кезеңіндегі бақылау жүйесінен өтуі тиіс.

Жергілікті кәсіпкерлер ҚХР-ға өнім экспорттауға үлкен қызығушылық танытуына байланысты бұл бағыттағы  мәселелер  жіті  қаралды.

Нұрбек ЗӘКӘРИЯҰЛЫ,

«Орал өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар