6.12.2019, 11:27
Қараулар: 542
Еңбегі еленген әріптес

Еңбегі еленген әріптес

Тынымсыз еңбегімен облыстық газеттің мазмұнды шығуына өз үлесін қосып жүрген әріптесіміз Гүлбаршын Әжігереева жақында «Шаңырақ» шығармашылық байқауының «Қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірліктің қазақстандық моделінің мәнін ашуға арналған үздік талдамалық материал» аталымы бойынша жеңімпаз атанып, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің алғысхатына ие болды.

Қаламы жүйрік Гүлбаршын Дыбысқалиқызы өңір тынысына қатысты материалдарды өндіре жазып, әлеуметтік-экономикалық бағыттардағы тың тақырыптарды қаузап жүр. Облыстық газет бетінен журналист қолтаңбасын оқырмандары жазбай таниды. Ай сайынғы жұмыс жоспарын тиянақты орындайтын әріптесіміз әр кез алғы шепте жүреді. Газетке оқырман тарту, жарнама түсіру жағынан да кейінгі жастарға үлгі болып келеді.

Үнемі ізденісте жүретін еңбекқор әріптесімізді жетістігімен құттықтап, қаламы қуатты, әр күні шуақты болсын дейміз!

«Орал өңірі»  газеті редакциясының  ұжымы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар