28.11.2019, 21:52
Қараулар: 156
Құрметті батысқазақстандықтар!

Құрметті батысқазақстандықтар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл жетінші жыл қатарынан аталып өткелі отырған Тұңғыш Президент күні – Қазақстандай саясында сан ұлт өсіп-өнген, бауырмал да бақуатты киелі мекеннің мерейлі мерекесіне айналғанын бүкіл дүние жүзі біледі. Халықтың ауызбіршілігі мен ынтымағының жарқын үлгісі мен көрінісі ретінде жоғары бағалайды. Егемендіктің елең-алаңында еліміздің ертеңі үшін ауыртпалық пен қиындыққа иығын төсеп, бірлік пен елдікті, татулық пен достықты биік мұрат етіп, тыңнан жол салып, елімізді жарқын болашаққа бастаған Көшбасшы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақ елі қашанда мақтан тұтады. Егемендікті ту етіп, елімізді абыройлы асуларға бастарда арғы-бергі тарихымыз түгенделді, туған тіліміз қайтадан түледі, еңселі ел ретінде шекарамыз шегенделді, дініміз қайта оралды, жанарлары жаутаңдап, жат жұртта жүрген қандастарымыз атамекенімен қайта қауышты. Миллионнан астам қаракөз Ата-жұртпен айқұшақ болып қайтадан табысты. Қазақстан әлемдегі ірі мемлекеттер назарын аударып, санасатын, араласатын іргелі елге айналды.

Елбасымыздың ерен еңбегі арқасында гүлденген елге, жәннатты жерге айналған Қазақстанның Мәңгілік ел болып қалуы үшін, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болып, ұрпақтан-ұрпаққа мирасқа айналуы  үшін  бір  мақсат,  бір  мүдде  жолында  жұмылып  еңбек  ету  әрқайсысымыздың  басты  мұратымыз  болуы  керек.

Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға шаттық, жанұяларыңызға береке-байлық, тұрмыстарыңызға бақуаттылық тілеймін! Қазақ елінің ертеңі мен болашағы жолындағы еңбектеріңіз толағай табыстарға  толы  болсын.

Игі тілекпен:

Ғали ЕСҚАЛИЕВ,   Батыс Қазақстан облысының әкімі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар