28.11.2019, 21:47
Қараулар: 140
ҰБТ-ға құжат қабылдау басталмақ

ҰБТ-ға құжат қабылдау басталмақ

ҰБТ жылына төрт рет – қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз айларында өткізіледі. Қаңтар, наурыз, тамызда өтетін тестілеуді тапсыру арқылы талапкер ЖОО-ның тек ақылы бөліміне түсуге мүмкіндік алады. Осылайша жаздағы негізгі сынаққа дейін үміткерлер екі мәрте өз шама-шарқын біле алады. Бұл тестілеу – түлектерге негізгі тестілеудің алдында өз білімдерін тексеру үшін таптырмас мүмкіндік.  Ескеретін жайт, мемлекеттік грантқа қол жеткізу үшін оқушылар міндетті түрде маусым-шілде айларындағы тестке қатысып, жоғары балл жинауы тиіс. Ал өзге үш сынақ тек ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді.

Оқуға түсуші дәстүрлі түрде 3 міндетті пән (Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы) және 2 бейіндік пән бойынша тестілеуден өтеді.

ҰБТ тапсырмаларының саны 120, оған 3 сағат 50 минут уақыт беріледі.

Қаңтар, наурыз айларында өтетін тестілеуді талапкер ҰБТ өткізілетін өзіне ыңғайлы кез келген пунктте тапсыра алады. Тек тестілеуге қатысу үшін ҰБТ өткізу пунктіне көрсетілген мерзімде өтініш беруі қажет, сондай-ақ  ent.testcenter.kz  сайты арқылы алдын ала онлайн-режімде өтініш беріп, тестілеу қабылдау мерзімі аяқталмастан бұрын тестілеу өтетін пунктке тиісті құжаттарымен барып, ҰБТ базасына тіркелуі қажет.

Орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12)-сынып оқушылары ҰБТ-ға қатысу үшін ҰБТӨП-ке келесі құжаттарды тапсырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат бойынша толтырылған өтініш (ҰБТӨП-те  беріледі);

2) 3х4 сантиметр көлеміндегі екі фотосурет;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Бұл ретте жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқтар туу туралы куәлігінің көшірмесін тапсырады.

4) тестілеуге қатысу үшін ақы төлегені туралы түбіртек;

5) өзі білім алатын орта білім беру ұйымының анықтамасы (2 дана).

Тестілеу туралы  толық мәліметтерді www.testcenter.kz сайтынан  білуге  болады.

Әлібек  ЕСІМОВ,

ҰТО-ның  Жәңгір  хан атындағы БҚАТУ-дағы  филиал  басшысы

Мектеп  бітіретін  оқушы  қаңтар  және  наурыз  айында  өтетін  ҰБТ-ға  қатысса,  маусым  айында  өтетін  ҰБТ-ға  және  мемлекеттік  білім  беру  гранттарын  тағайындау конкурсына  қатысу  мүмкіндігінен  айырылмайды!

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар