28.11.2019, 21:45
Қараулар: 100
20 жылдыққа – 20 шырша

20 жылдыққа – 20 шырша

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіне қарасты облыстық аумақтық инспекцияның құрылғанына 20 жыл толды. Мерекеге орай инспекция қызметкерлері Орал қаласындағы Ж. Молдағалиев атындағы  саябаққа  20  түп шырша отырғызды.

Аталмыш мекеменің тарихына тоқтала кетсек, 1999 жылы облысымыздағы екі үлкен басқарма –  өсімдіктерді қорғау басқармасы мен ветеринариялық қадағалау басқармасы қосылып, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық басқармасы болып құрылған еді.

Басқарманың бөлімшелері ретінде Орал қалалық және аудандық аумақтық басқармалар ашылды. 2007 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы атауына ие болды. Бүгінде облыстық аумақтық инспекция әкімшілік және алты бөлімнен тұрады. Инспекцияда жалпы 67 қызметкер болса, оның 25-і облыстық аумақтық инспекцияда, 42-сі Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларда еңбек етуде.

Мекеме өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, облыс аумағында ауыл шаруашылығы дақылдарының өте қауіпті зиянкестері мен ауруларын жою, таратпау және алдын алу бойынша фитосанитариялық бақылауды жүзеге асыру жөнінде бағдарламалар әзірлеп, болжамдар жасайды. Мониторинг жүргізіп, оларды жүзеге асыру жөнінде жеке және заңды тұлғаларға нұсқама береді. Сондай-ақ асыл тұқымды мал шаруашылығын, өсімдіктерді қорғау, астық нарығын реттеу бойынша, аса қауіпті зиянкестер мен мал ауруларының  таралуына жол бермеу жұмысын  жүргізеді.

Гүлсезім  БИЯШЕВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар