18.11.2019, 21:49
Қараулар: 729
Аналарға арналған форум

Аналарға арналған форум

Салтанат сарайында «Ана. Қоғам. Болашақ.»  атты  Орал қалалық аналар форумы өтті. Оған көп балалы аналар, әлеуметтік педагогтер мен қоғамдық  ұйым өкілдері қатысты.

Форум «Жұлдыз» би студиясының тәрбиеленушілері мен олардың  аналарының орындауындағы «Ана мен бала» сазды-хореографиялық композициясымен ашылды.

— Ардақты аналар, форумға қош келдіңіздер! Орал қаласында 800-ге жуық «Алтын алқа», мыңнан астам «Күміс алқа» иесі бар. Бүгінде қала бойынша  көп балалы 4041 ана атаулы әлеуметтік көмек алады. Бұл  оларды қолдауға арналған ерекше қамқорлық деп білемін. Сондай-ақ  қалада  800-ден астам көп балалы отбасы тұрғын үй кезегінде тұрса, биыл көп балалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балалар  тәрбиелеп жүрген жалпы 140 жанұя баспаналы болды. Бұл жұмыстар жүйелі жалғасын табатын болады, – деді Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.

Сондай-ақ форумда облыстық онкологиялық диспансерінің бөлім басшысы, маммолог-дәрігер Әлия Үшбаева сүт безі қатерлі ісігі төңірегінде, Орал қалалық №5 емхананың гинеколог-дәрігері Арайлым Балтаева гинекологиялық дерттер туралы мағлұмат берді. Көп балалы аналар сала мамандарына сауалдарын қойып, шара эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы оқушыларының орындауындағы «Ана» әнімен тәмамдалды.

Гүлсезім БИЯШЕВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар