15.11.2019, 18:17
Қараулар: 152
Өрт қауіпсіздігі айлығы кезіндегі рейдтер туралы тұрғын үй секторындағы қауіпсіздік

Өрт қауіпсіздігі айлығы кезіндегі рейдтер туралы тұрғын үй секторындағы қауіпсіздік

2019 жылдың басынан Батыс Қазақстан облысының аумағында 492 өрт болды, оның 337-сі тұрғын үй секторында тіркелді.

Тұрғын үй секторындағы өрттерде 6 адам қаза тауып, 9 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Материалдық шығын 7470 теңгені құрады.

Адам өлімін болдырмау, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы аумағындағы тұрғын секторда өртті тұрақтандыру мақсатында «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі» айлығының (жылу берілетін кезең ішінде) азаматтарға жылыту жүйелерін пайдалану және электр жабдықтары ережелері туралы хабардар ету 2-кезеңі өткізілуде.

БҚО ЖД КҚПҚБ-мен, облыстық мемлекеттік мекемелердің өкілдерімен: жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, білім беру, денсаулық сақтау басқармасы, «Қаз Транс Газ Аймақ»АҚ, колледж студенттері, «Апаттар медицинасы орталығы» ММФ, үкіметтік емес және волонтерлік ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері тұрғын үй секторында рейдтер жүргізеді, тұрғындарға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша нұсқаулықтар беріледі.

Халықтың әлеуметтік осал тобы тұратын мекенжайлардан қазіргі уақытта тіркелген 1436 отбасына рейдтер кезінде мамандар өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін: ақаулы розеткаларды, сөндіргіштер мен ұзартқыштарды, сондай-ақ қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдалануға болмайтынын ескертеді.

Сондай-ақ қарт адамдармен нұсқаулық жүргізеді, өрт қауіпсіздігі ережелері бар жаднама-парақшалар таратады, сондай-ақ оларды қызықтыратын сұрақтарға жауап береді. Инспекторлық құрам бірінші кезекте қолайсыз, аз қамтылған, көп балалы отбасылар тұратын үйлерге барады.

Сонымен қатар, спиртті ішімдіктерді пайдаланатын, бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін, отпен жұмыс істеу ережелерін бұзуға бейім азаматтарға ерекше көңіл бөлінеді. Осындай рейдтер барысында қызметкерлер отбасыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау жөнінде ұсыныстар береді, өрт қауіпсіздігі ережелері мен шұғыл қызметтердің телефондары егжей-тегжейлі сипатталған жаднамалар береді.

Тұрғын үй секторындағы барлық жұмыстар мүмкін болатын өрттің алдын алуға, адамдардың өліміне жол бермеуге бағытталған, өйткені өмірдегі ең құнды фактор — адам өмірі.

БҚО ТЖ департаменті Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Үйдегі электр сымдары мен розеткалардың жағдайын бақылаңыз, қосылған электр тұрмыстық аспаптарды, электр жылытқыштар мен пештерді қараусыз қалдырмаңыз.

 

 БҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы