14.11.2019, 20:50
Қараулар: 186
Жолсөмкедегі 128 мүйіз

Жолсөмкедегі 128 мүйіз

Бұл жайт 13 қарашада сағат 06.00-де Ақсай қаласында орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Батыс» өңірлік  басқармасының 2029-әскери бөлімінің «Ақсай» өткізу пунктінде шекаралық бақылау жүргізу барысында анықталды.

– Шекарашылар Қазақстаннан Ресейге бағыт алған ресейлік азаматтың көлігінің жүксалғышындағы жолсөмкеден  арнайы техникалық құрылғыны қолдану арқылы киіктің жаңадан кесілген 128 мүйізін тапты. Мүйіздің салмағы 28 келі 914 грамм, бағалық құны  шамамен 243 млн. теңге болады, – деді аталмыш бөлімнің әскери қызметшісі, капитан Азамат Биманов.

Қазіргі уақытта облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғап, Бөрлі аудандық полиция бөлімімен тергеу жүргізілуде. Осы тақылеттес оқиға 10 қарашада орын алып, онда облыс тұрғыны 348 дана киік мүйізімен қолға түскен еді.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар