11.11.2019, 21:20
Қараулар: 214
Әнелге әлемдік құрмет!

Әнелге әлемдік құрмет!

Жуырда Ұлыбританияның Дувр қаласында су спортына қатысты маусымның жабылу салтанаты өтті. Осы шара барысында ағымдағы жылы үшбу спорт түрі бойынша дүниежүзілік деңгейде үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға сый-құрмет көрсетілді.

Олардың қатарында қазақ халқының қайсар қызы, біздің жерлесіміз, қазіргі заманғы Қазақстанның темір ханшайымы Әнел Әлібекқызы Сытдықова да болды. Оның биылғы тамыз айында Ла-Манш бұғазын ауа райының қолайсыздығына қарамастан гидрокостюмсіз жүзіп өткендігі мәлім. Осы жүрек жұтқан батылдығы мен үздік спорттық көрсеткіші үшін Дуврдағы салтанатты кеште Channel Swimming association (Ла-Маншты жүзіп өткендердің нәтижесін тіркеу қоғамының) президенті Майкл Рид Әнел Сытдықоваға оның өзінің аты-жөні алтын әріптермен ойылып жазылған екі кубокты табыс етті. Әлібектің Әнелі – мұндай құрметке ие болған тұңғыш қазақстандық қыз-келіншек. Тіпті еліміздің ер-азаматтарының ішінде  де  Ла-Манш  бұғазын  гидрокостюмсіз  жүзіп  өткен  әлі  ешкім  жоқ.

Жеңіс-жетістіктерің  жалғасты  болсын,  Әнелжан!

Бақытжан ҒАБДУЛЛИН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар