11.11.2019, 21:10
Қараулар: 156
18 млн. теңгенің алиментін өндіруді сұрады

18 млн. теңгенің алиментін өндіруді сұрады

Таяуда БҚО прокуратурасының Құқық қорғау қызметтері орталығында «Ашық есік» күні акциясы өтті.

Шара барысында прокурорлар 28 азаматты қабылдап, олар 37 баланың пайдасына 18 млн. теңге алимент бойынша берешекті өндіру туралы атқарушылық құжаттарын қарауды өтінген.

Құқықтық көмек алу үшін жолыққандар Ақжайық, Бөрлі, Жаңақала, Теректі және Шыңғырлау аудандарынан келген. Көбі – облыс орталығының тұрғындары. Акция нәтижесінде арыздар қабылданып, борышкерлердің тізімі және мәжбүрлеп өндіруге бағытталған шаралардың жоспары жасалды.

Сонымен қатар әділет және полиция департаменттеріне, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына борышкерлерді әкімшілік (ӘҚБтК-ның 669-бабы) және қылмыстық (ҚК-нің 139-бабы) жауапкершілікке тарту туралы қадағалау актілері енгізілді.

Айта кетейік, Құқық қорғау қызметтері орталығы Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47 мекенжайында орналасқан. Сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс жасайды (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).

Электронды пошта: 7112154@prokuror.kz, телефон: 8 (7112) 51-08-32.

Бауыржан АХМЕТЖАН,

БҚО прокуратурасының ресми өкілі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар