4.11.2019, 21:51
Қараулар: 60
Жайық жанкүйерлерінің арманы орындалса екен!..

Жайық жанкүйерлерінің арманы орындалса екен!..

Бірінші  топ  командалары  арасында  өтіп  жатқан ел  біріншілігінің  соңғы  турында  «Ақжайық»  футболшылары  өз  алаңында  елордалық  «Астана  М»  командасын  қабылдады.  «Ақжайық»  қарсыластарын 5:1  есебімен  жеңді.

Толығымен ойын тізгінін бақылауында ұстаған оралдық ойыншылар ойынның 29 минутында есеп ашты. Гол авторы – Мелло Джакомо. Оның ізін ала Ерболат Рүстемов есепті еселеді. Бірінші таймда жергілікті футбол мектебінің түлегі Максим Литвинов ұпай санын 3:0-ге жеткізді.

Авакянц шәкірттері екінші кезеңде де шабуылдауды доғармай, Мелло Джакомо тағы бір мәрте мергендік танытты. Ірі есеппен жеңіліп жатқанына қарамастан нұрсұлтандық команда барынша мінез көрсетіп, бір гол соқты. Ал ойынның соңғы нүктесін “Ақжайықтың” орталық қорғаушысы Владимир Покатилов қойды. Қорытынды есеп – 5:1.

Оралдық ойыншылардың тікелей қарсыласы «Алтай» командасы «Екібастұз» клубымен болған ойында ұпай жоғалтып, «Ақжайық» қола медаль еншіледі. Жоғарғы топқа шығу үшін «Ақжайық» қосымша өтетін ойынға қатысады. Соңғы сында сыр бермесе, «Ақжайықтың» мерейі үстем  болмақ.

Түгелбай  БИСЕН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар