4.11.2019, 21:37
Қараулар: 111
«Жомарт жүрек – 2019» сыйлығы

«Жомарт жүрек – 2019» сыйлығы

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» қауымдастығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек – 2019» сыйлығын ұйымдастыруда.

Шараның  мақсаты – белсенді  азаматтар мен демеушілерді, үкіметтік емес ұйымдарды, волонтерлерді және кәсіпкерлерді туған жерін дамытуға үлес қосқандары үшін марапаттау.

Қатысуға өтінімді қоғамдық пайдалы, әлеуметтік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырып жүрген заңды жеке тұлғалар, және сонымен қатар олармен өзара іс-қимыл жасайтын мемлекеттік құрылымдар мен ұйымдар ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар пакетін ұсыну және қосымшаға сәйкес толтырылған өтінім негіз болып табылады.

Жеке және заңды тұлғалардың  төмендегі қызметтері қарастырылмайды:

1) коммерциялық табыс табуға;

2) ғибадат ғимараттарын салу және жөндеу жұмыстарын жүргізуге;

3) мемлекеттік және кәсіби мерекелерді өткізуге демеушілік көмек көрсетуге бағытталған қызмет-тері қаралмайды.

«Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттары келесі аталымдар бойынша  анықталады:

 

Аталым  атауы

 

Сипаттама

 

1

 

«Жыл  меценаты» Туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырғаны үшін, аз қамтылған, көп балалы  жанұяларға, ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмек көрсеткені үшін
2

 

«Туған өлке» Елді мекендерді аббаттандыруға, демалыс бақтарды, аллеяларды, ескерткіштерді, балалар ойын алаңдарын реконструкциялауға және салуға, денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру және спорт салаларына демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік  жобаларды іске асырғаны үшін
3

 

«Жүректен  жүрекке» Аз қамтылған, көп балалы, отбасыларға, мүгедектерге, ҰОС ардагерлеріне, зейнеткерлерге өтеусіз көмек көрсеткені үшін
4

 

«Әлеуметтік  саланың дамуына қосқан үлесі үшін» Денсаулық сақтау, мәдениет, білім және спорт саласында құрылыс, жөндеу, демеушілік көмек көрсету үшін
5

 

«Жылдың  қайырымды  адамы» Бұл аталым адамдарға түрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметі үшін беріледі (тек жеке тұлғалар үшін)
6

 

«Жылдың  әлеуметтік – жауапты  мекемесі» Компанияның немесе ұйымның ірі қайырымдылық жобалары мен акцияларын жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмектің жаңа тиімді нысандарын енгізгені үшін және қоғамдық маңызы бар іс-шараларға бас демеушілік жасағаны үшін (тек заңды тұлғалар үшін)
7

 

«Жылдың ҮЕҰ» Ел азаматтарының өмірін жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру үшін
8

 

«Алтын  ұя» Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастыруды дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін
9

 

«Жыл  азаматы» Өңірде өмір сүруді жақсартуға бағытталған белсенді азаматтық ұстаным үшін
10

 

«Жыл  еріктісі» Ерікті қызметке белсенді қатысқаны үшін
11

 

«Батыл  жүрек» Адам өмірін құтқару кезінде батырлық іс-әрекеттерді жүзеге асырғаны үшін

Құжаттар  12 қарашаға дейін Ж. Молдағалиев көш.,19-үй, 108-бөлме мекенжайы  бойынша қа-былданады.

Анықтама  телефондары: 8 (7112) 93-35-49, 8-775-252-10-02  Гүлзия Ахметова.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар