28.10.2019, 21:24
Қараулар: 138
Аман-есен табылды

Аман-есен табылды

Мал іздеп жүріп, жоғалып кеткен бақташы қазанның 25-і күні  сағат 20.25-те көршілес облыстан табылды.

Құтқарушылар Жаңақала ауданындағы Көпжасар ауылдық округінің  Айқожа қыстағынан шығып кеткен 1958 жылғы азаматты қыстақтан 50 шақырым жерден, яғни Атырау облысының Индер ауданынан тапқан. Ол медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Үйіне аман-есен жеткізілді. Оны  іздеуге  облыстық төтенше жағдайлар департаментінің екі  қызметкері мен  бір техникасы,  аудандық полиция бөлімінің үш  қызметкері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар жұмылды.

БҚО ТЖД  ішкі  және  сыртқы  коммуникациялар тобы