14.10.2019, 17:28
Қараулар: 131
Елордада халықаралық білім көрмесі болып өтті

Елордада халықаралық білім көрмесі болып өтті

Көрмеге әлемнің 50 мемлекетінен 300-ге жуық университет өкілдері қатысты. Шетелдік білім беру орындарының өкілдері өз бағдарламаларын таныстырып, жергілікті жастарға шетелде білім алу мүмкіндігін беретін жолдарды түсіндірді.
Іс-шара барысында арнайы гранттар мен жеңілдіктер туралы да айтылып өтті. Көрмеге АҚШ, Ұлыбритания, мен Еуропа және ТМД елдерінің озық университеттері келген болатын. Білім көрмесі алдағы күндері Еліміздің бірнеше қаласында жалғасын табады.

Наталья Куделя, FHWS Шығыс Еуропа бойынша үйлестіруші:
— Назарбаев интелектуалды мектебінің түлектері жан-жақты дамыған. Ағылшын тілін жетік мегерген. Оқуға құштарлықтары да жоғары. Әсіресе физика, математика пәндерінен алғыр екенін байқадық. Биыл біздің университетімізге 30 дай қазақ студенті келген болатын. Әлі құжат тапсырып жатқандар да бар. Жалпы біздің университеттегі шетелдік студенттер саны 150 дей болса соның үштен бірі қазақстандықтар болуы мүмкін, деп жоспарлап отырмыз.

Бүгінде қазақстандық студенттерге Еуропалық 200-дей университет грант бөліп отыр. Яғни 20 мың қазақстандықтың шетелде білімін жетілдіруге мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда 150 мың отандасымыз сырт мемлекетте оқып жатыр. 2025 жылға дейін олардың саны 400 мыңға жетуі мүмкін. Көрмеге келген сарапшылардың пікірі міне осындай. Бүгін білім көрмесінде шет мемлекетте білім алудың жолдары ғана емес, цифрлық технология, білім жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Семинарлар мен тренингтер ертең де жалғасады. Айта кетейік, көрмеге шетелдік университетте оқығысы келген барлық адам қатыса алады.

Алмас Сатылғанов, Bolashaq Development Fund төрағасы:
— Жылда өтетін көрме. Осы көрмеге шетелде оқығысы келетіндер келіп, қай мемлекетке барамын десе сол университеттермен қарым-қатынас орнатып, олардың керекті кеңесін алып болашақта сол мемлекеттерге баруына мүмкіндік туып жатыр. Былтырдың өзінде 5 мың қазақстандық шетелдік университтетрге түсіп қазіргі күнде оқып жатыр.

Айта кетейік, көрменің ұйымдастырушылары коммерциялық емес ұйым “Bolashaq Development Fund”. Бұл ұйымның басты мақсат Адам капиталын дамыту, білім беру ортасын жақсарту Қазақстан жастар арасында кәсіпқойлық пен шығармашылықты нығайту болып табылады. Әлемдік университтермен жергілікті жоғарғы оқу орындары тәжірібие алмасу.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар