10.10.2019, 20:01
Қараулар: 133
Ұландықтар «ұсталды»

Ұландықтар «ұсталды»

ҚР Ұлттық ұланның «№5517 әскери бөлімі» РММ-ның бірқатар лауазым иесі пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі хабарлады.

Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Ұлттық ұланының «№5517 әскери бөлімі» РММ бөлім командирінің тыл жөніндегі орынбасары, майор Ж. Омаровқа және аталған РММ-ның киім-кешек қызметі бөлімінің бастығы, лейтенант Т. Қыдыровқа қатысты пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар жеке компания директорынан орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және алдағы уақытта да көрсететін көмегі үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Ақтөбе гарнизоны әскери сотының биылғы жылдың 7 қазанындағы үкімімен Омаров пара алғаны үшін айыпты деп танылып, 7 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал Қыдыровқа 6 млн. теңге мөлшерінде айыппұл төлеу жазасы белгіленді. Сотталғандар мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан, сондай-ақ әскери шендерінен өмір бойына айырылды.

Н. ҒАППАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар