10.10.2019, 19:58
Қараулар: 173
Шақырылмаған «мейман»

Шақырылмаған «мейман»

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылында полиция қызметкерлері ойын алаңында жүрген жабайы қабанды атып өлтірді. «Әріптестеріміз қабанды ауылдан шығаруға тырысқанымен, жануар қарсылық көрсетті» – деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

9 қазан күні кешкі сағат 18:56-да Переметный ауылының тұрғынынан аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне ойын алаңын жабайы қабан кезіп жүргені туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полицияның екі қызметкері барған. Полиция инспекторы «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 61-бабы 1-бөлігі 6-тармағына сәйкес (адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану мақсатында атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану) табельдік қару қолданған. Полицияның хабарлауынша, атыс қаруын қолданғаны туралы олар Бәйтерек ауданының прокурорына хабарлаған. Тура осындай оқиға биыл көктемде Қазталов ауданында да болған еді.

Өз тілшіміз