10.10.2019, 18:39
Қараулар: 145
Облыстағы кедейшілік шегі – 19 893 теңге

Облыстағы кедейшілік шегі – 19 893 теңге

2019 жылдың  3-тоқсанына  жергілікті  атқарушы  құрылымдар  есептеген күнкөрістің  ең  төменгі деңгейінің  шамасы  орташа  есеппен  жан  басына шаққанда   28 418  теңгені  құрады.

Сонымен қатар «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің  2017 жылғы 31 тамыздағы №290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы аталған  министрліктің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №523 бұйрығына сәйкес, 2019 жылғы 1 қазаннан бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін жүгіну ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде айқындалады.

Облыс бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы орташа есеппен жан басына шаққанда 28 418 теңгені құрап, соған байланысты  кедейлік шегі  19 893 теңге  болып  белгіленді.

Алтай  ҚҰЛҚАЕВ,

облыстық  жұмыспен  қамтуды үйлестіру  және  әлеуметтік бағдарламалар  басқармасының басшысы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар