8.10.2019, 13:40
Қараулар: 201
Қоқысқа тасталған шақалақ

Қоқысқа тасталған шақалақ

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметін­ше, қазанның 6-сы күні таңда Орал қаласы Құрманғазы көше­сі­нің бойындағы тұрғын үйлер­дің ауласындағы қоқыс жәші­гінен қа­ра түсті спорттық сөм­кеге салын­ған және целлофан­ға оралған жаңа туылған сә­бидің мүрдесі табылды. Сәбидің мүрдесі сот-меди­ци­налық са­раптамаға жолданды.

Орал қалалық полиция бас­қармасына қарасты Абай поли­ция бөлімінің қызметкерлері жүр­гіз­ген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 1988 жы­лы туған Орал қаласының тұр­ғыны анықталып, ұсталды. Оқи­ға орнынан сөмке, жа­мыл­ғы, екі пакет, екі есік кілті, домофон кілті тәркіленіп, бір аяқ киім ізі анықталған. Атал­ған фак­ті бойынша ҚР ҚК-ның 100-бабы  (жаңа туған баланы ана­сының өлтiруi) бойынша сотқа дейінгі  тергеу  басталды.

Нұркен  ҒАППАР

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар