7.10.2019, 21:20
Қараулар: 204
Велосипед кімге бұйырады?

Велосипед кімге бұйырады?

Тасқала  ауданына  қарасты Мереке  жалпы орта  білім  беретін мектебінің  ұжымы 5-10-сынып шәкірттерінің  біріне  велосипед тарту  етпек. Ол  үшін  оқушы  «READx»  жобасының  бас  жүлде­сіне  ие  болу  керек.

— Мектебімізде аптасына бір рет 5-10-сыныптар оқушыла­рының  арасында өлең оқу­дан байқау өткізіледі. Сайыс ережесіне сай қатысушылар Абай, Мағ­жан, Сәкен, Жұбанның өлеңдерін мәнер­леп жатқа оқиды. Әр аптаның рейтин­гі ашық түрде тақтада ілініп тұрады. Бұл әрбір ата-анаға баласының қандай дең­гейде келе жатқанын көруіне мүмкін­дік береді. Оқу жылының соңында, яғ­ни мамыр айында комиссия жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайтын болады. Бас жүлде­ні ұтқан оқушыға велосипед сыйға тартыла­ды, –  дейді мектеп директоры Марлен Ерғали.

Мектеп ұжымы бұл жобаны балалардың кі­тап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, өлеңді мәнерлеп жатқа айтуға тәрбиелеу мақ­сатында қолға алған.  Қазір әр оқушы су жа­ңа велосипедті сырттай иемденіп жүр. Ал «шай­танарбаға» шынымен қол жеткізу үшін оларға тыңғылықты дайындық, шынайы ниет қана керек.

Темірболат  ӘНУАРҰЛЫ,

 Тасқала  ауданы