30.09.2019, 21:07
Қараулар: 221
Топырақты заңсыз алу тоқтатылды

Топырақты заңсыз алу тоқтатылды

Шыңғырлау ауданы прокуратурасы рейдтік іс-шаралар барысында аудан орталығына жақын жерде топырақты заңсыз алу фактісін анықтады.

«А» ЖШС-ның қызметкерлері жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін экскаватормен жерді қазып, топырақты көлік құралдарымен тасымалдаған. Алайда олардың ҚР Экологиялық кодекстің 12-бабына сәйкес тиісті рұқсаты болмағаны белгілі болды. Экология департаменті инспекторының 2 қыркүйектегі қорытындысы бойынша барлығы 56 тонна топырақ алынған. Прокуратураның ұсынуы бойынша уәкілетті құрылым «А» ЖШС-ға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 139-бабы бойынша (жер қойнауына мемлекеттік меншік құқығын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартып, 150 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта құқық бұзушы 378 750 теңге айыппұлды толығымен төледі және жерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Бауыржан АХМЕТЖАН,

БҚО прокуратурасының ресми өкілі