27.09.2019, 15:04
Қараулар: 122
Жеке үйдегі өрт

Жеке үйдегі өрт

Өрт сөндірушінің жұмысы қиын және қауіпті, өрт сөндірушілерге денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төндіре, материалдық және мәдени құндылықтарды қорғап, адамдарды құтқара отырып, азаматтардың бейбіт тыныштығын қамтамасыз етуге жиі тура келеді.

Өрт материалдық шығын келтіреді және кейбір жағдайларда адамдардың қаза болуына алып келеді.Осылайша,2019 жылғы 27 қыркүйекте сағат 01.46-да орталық өрт байланыс пультінің «101» нөміріне Орал қаласы, «Волна» бау-бақша серіктестігі, №143 учаскесі мекенжайында саяжай үйінің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келген бойда ғимараттың ашық жалынмен жанғанын және өрт алаңы 35 ш. м. екенін анықтады.

Сондай-ақ, өрт сөндіру кезінде үш адамның мәйіті табылды: 1961 жылы туған азамат, сондай-ақ әйел және бала. Қазіргі уақытта әйел мен баланың жеке басы анықталуда. Өрттің себебі, шығын сомасы және кінәлі тұлғалар анықталуда. Оқиға орнында жеке құрамнан 9 адам және 2 бірлік техника,БҚО ТЖД ЖҚЖ 5 құтқарушы және 1 бірлік техника жұмыс істеді. Өртті оқшаулау уақыты 03.11-де Жою уақыты- 5.15-те

Батыс Қазақстан облысы ТЖД

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар