26.09.2019, 21:06
Қараулар: 248
Полевнойдағы қос қуаныш

Полевнойдағы қос қуаныш

Filling glass of water from stainless steel kitchen faucet

 

Переметный  ауылдық  округіне қарасты Полевной елді мекенінің тұрғындары қос бірдей қуанышқа кенелді.

Аудан орталығы іргесінде орналасса да,  біраз жылдан бері ауыз су тапшылығын тартып келген полевнойлықтар «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында таза да сапалы ауыз суға қол жеткізді.

– Осыдан екі жыл бұрын ауыл тұрғындары «Бізде су мәселесі қашан шешімін табады?» деп сауал тастаған болатын. Мемлекеттік саясат арқасында ел-жұрттың тілегі орындалып, ауыз суға қол жеткіздіңіздер. Су – тіршіліктің көзі. Сусыз өмір жоқ. Бүгінгі қуаныштарыңыз құтты болсын! – деді ашылу салтанатында құттықтау сөз алған аудан әкімі Асхат Шахаров.

Ауыл тұрғыны, еңбек ардагері Василий Косыцин ауылға қуаныш сыйлаған аудан, округ басшылығына алғысын жеткізді.

Ауылда бүгінгі таңда 28 тұрғын үй түтін түтетіп отыр. Тұрғындар саны – 95. Халық ендігі кезекте көгілдір отынға қол жеткізсек  деп арман етеді.

Сол күні ауылда балалар алаңқайы ашылды. Балаларға шаттық сыйлаған «Балалар әлемі» атты мерекелік бағдарлама ауыл балаларының  қуанышын  еселей  түсті.

Ертай  БИМҰХАНОВ,

Бәйтерек  ауданы