26.09.2019, 20:50
Қараулар: 350
Жаңа орынбасарлар тағайындалды

Жаңа орынбасарлар тағайындалды

Сәрсенбі  күні  облыс  әкімі  Ғали  Есқалиев  актив  отырысында  өзінің  жаңа  орынбасарларын  таныстырды.

«100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Мұхтар Манкеев тағайындалды.

Мұхтар Наурызбайұлы Манкеев – 1984 жылы туған, білімі жоғары, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлықтехникалық университетін инженер, экономика бакалавры, Финляндия Республикасында Оулу университетін бизнес әкімшілеу магистрі мамандықтары  бойынша  бітірген.

Әр  жылдары:

– «Жасыл  ел»  Батыс  Қазақстан облыстық филиалы жетекшісі, «Жасыл ел» республикалық  штабының  жетекшісі;

– «Самғау» ұлттық холдингі» АҚ менеджері;

– ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инжиниринг  және  жаңа  технологиялар  трансферті  орталығының  департамент  директоры;

– «Астана Innovations» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі;

– Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Күні бүгінге дейін «Фин Бизнес Хабы» компаниясының директоры, «Қазақстан – 2050»  жалпыұлттық  қозғалысы  кеңесінің  төрағасы  болды.

Ол кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инвестициялар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, жер қатынастары, туризм мәселелеріне  жетекшілік  ететін  болады.

*  *  *

Сондай-ақ өңір басшысы Ғали Есқалиев актив жиынында Серік Егізбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында көрсетілген меритократия қағидасына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен және әкімнің өкімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып  тағайындалғандығын  айтты.

Серік Рахметоллаұлы Егізбаев – 1963 жылы туған, білімі жоғары, Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын агроном, Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандықтары және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика  ғылымдарының  кандидаты.

Әр жылдары:

– БҚО әкімі аппараты бөлімінің бас инспекторы, бөлім меңгерушісінің  орынбасары;

– ҚР Қаржы министрлігі департаментінің бөлім  бастығы;

– ҚР Премьер-министрінің кеңсесі әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-инспекторлық  және  аумақтық  даму  бөлімінің  бас  инспекторы;

– ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік  инспекторы, бөлім  меңгерушісінің  орынбасары;

– ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Күні бүгінге дейін «Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрағасының  орынбасары болды.

Ол ішкі саясат, білім, жастар саясаты, мәдениет, дін істері, тілдерді дамыту  салаларына  жетекшілік  ететін  болады.

Өз кезегінде сөз алған қос орынбасар өздеріне білдірген сенімдері үшін алғыстарын айтып, өңірді өркендетуге бағытталған маңызды міндеттердің орындалуы жолында  білімдері  мен  біліктерін  аямайтындарын  айтты.

Батыс  Қазақстан  облысы әкімінің  жұртшылықпен байланыс  жөніндегі  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар