23.09.2019, 23:30
Қараулар: 167
216 пәтердің кілті табысталды

216 пәтердің кілті табысталды

Зашаған кенттік округіне қарасты Саратов тасжолы бойындағы көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды. Әлеуметтік осал топтарға арналған үй – 216 пәтерлік. Енді пәтерлерді бөлу бойынша жұмыстар басталады.

– Тоғыз қабатты тұрғын үйдегі пәтерлер бір және екі бөлмелі. 216 пәтердің 72-сі көп балалы отбасыларға, 29-ы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, қалғаны Орал қаласы бойынша тұрғын үйдің кезегінде тұрғандарға беріледі. Екі бөлмелі пәтерлердің дені көп балалы отбасыларға тиесілі, — деді Орал қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Миржан Нұртазиев.

Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Мирас Мұлкайдың айтуынша, қазіргі кезде “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасы аясында Орал қаласында 14 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Оның төртеуі әлеуметтік осал топтарға арналған.

Гүлсезім  БИЯШЕВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар