23.09.2019, 23:29
Қараулар: 143
Су беру қалпына келтірілді

Су беру қалпына келтірілді

Қыркүйектің 22-сі күні Орал қаласында 19А кәріз жүйесінің сорғы станциясында су құбыры коллекторы жарылған болатын. Зашаған мен Деркөл кенттері аралығындағы тас бойындағы аталмыш коллекторда маусым айынан бері осымен 16 рет апат орын алып отыр.

Апатқа  байланысты  шаһардағы су беру қысымы сол күні сағат 21.00 шамасында төмендеп,  қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде, «Айгүл», «Омега», екінші жұмысшы аудандары мен Деркөл кентінде су беру тоқтатылған еді. Кеше БАҚ өкілдерімен кездесу барысында «Батыс Су Арнасы» ЖШС техникалық директоры  Арман Кенжебаев мәлім еткендей, алдымен құбырдың сол жақ тармағы, кейін оң жағы жарылған. Сол күні түнде-ақ апаттық  бригада жасақталып, қажетті техникамен қамтылған.

– Апаттың  салдарын жою жұмыстарын  23 қыркүйектің таңына  дейін аяқтауға ауа райының қо-лайсыздығы  кедергі келтірген еді.

Қазіргі кезде су беру қалпына келтірілді. Енді құбырдың оң жақ тармағында жөндеу жұмыстары жүруде.  Коллектор іске қосылған 2009 жылдан бері барлығы 27 апат  болды. Неғұрлым апатты деп танылған ұзындығы 2600 метр учаскені қалпына келтіру үшін мердігер компания жұмыс істеуде. Қазір  ұзындығы 700 метрдей жер қазылып, 730 метрдей құбыр дәнекерленді. Қараша айына дейін бұл апатты учаскедегі жарамсыз құбырларды ауыстырып үлгереміз деген ойдамыз, – деді техникалық директор.

Кәсіпорынның кәріз құбыры қызметінің бастығы Талғат Мүслімовтің айтуынша, Деркөл ауылынан Саратов трассасына қарай жүргенде «Қазмұнайгаз» және  «Нефтек» жанар-жағармай құю стансасының  аралығында жұмыстар жүруде.

Ясипа РАБАЕВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар