23.09.2019, 23:19
Қараулар: 122
Жалынды жастар жүздесті

Жалынды жастар жүздесті

Жуырда «БҚО жаңа толқыны» ЖҚБ-ның ұйымдастыруымен «Жастар жалыны» атты мотивациялық кездесу өтті.

Қоғамда өз орнын тапқан жандарды жастармен жүздестіру, олардың сан түрлі саладағы шығармашылық және еңбек жолын таныстыру арқылы жастардың бойында ерік-жігерді оятуды мақсат еткен шараға «Global Prosurement» компаниясының негізін қалаушы, «Дарын» жүлдесінің лауреаты, БҰҰ ұйымдастырған эссе байқауының жеңімпазы Олжас Сүлейменов, «Мария ханым» сән үйі отбасылық фирмасының басқарушысы, «Винтаж» дизайн-студиясының иесі, «Zhulduzpro» сәнгерлік студиясының директоры Жұлдыз Құспанова, жиһанкез, психолог-кеңесші, тұлғалық даму мектебінің директоры, авторлық турлардың жетекшісі, блогер, заңгер, журналист Динара Болат, белсенді қоғам қайраткері, бизнес-кеңесші Арман Рысқалиев қатысты.

Кездесуге келген әр спикер өзінің өмір тәжірибесімен, жетістік пен бақытқа жету жолында жолыққан қиындықтар мен қызықты оқиғалар жайында ой бөлісті. Жастарға бизнесте, шығармашылықта алғашқы қадам жасауда қателеспеу, өмір сүруге, білім жетілдіруге құштар болу, жетістікке жету жолында нақты мақсат қою жөнінде кеңес берілді.

300-ден астам жастың басын қосқан жүздесу барысында жиналғандар кеш қонақтарына көкейде жүрген сауалдарын жолдап, тұшымды жауаптар алды.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар