16.09.2019, 22:16
Қараулар: 286
Әзірбайжан көшесін әзірбайжандар көркейтеді

Әзірбайжан көшесін әзірбайжандар көркейтеді

Өткен  аптаның  соңында  «Бирлик»  әзірбайжан  этномәдени  бірлестігінің  шағын  бағы  ашылды.  Оған  облыс  әкімі  Ғали  Есқалиев  арнайы  қатысып,  бұл  жер  болашақта  мәдени-тынығу   орнына  айналатынын  жеткізді.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. 130-дан астам ұлт пен ұлыс тату-тәтті өмір сүруде.   Осы көркем шаһар – Орал қаласында әзірбайжан ұлтының өкілдері де тұрады. Бұл шағын бақтың ашылуы – әзірбайжандықтар  үшін зор абырой. Өйткені ежелден келе жатқан Әзірбайжан мен Қазақстан арасындағы сыйластықтың құрметіне достық бұрышы ашылып отыр. Енді әзірбайжандық жақсы сәулетшілердің көмегімен ұлттық нышандарымызды қолдана отырып, бұл бақты көркейтетін боламыз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай,  Қазақстандағы ең таза, жасыл қала ол – Орал. Сондықтан қала көркейіп, жайнай берсін, – деді Әзірбайжанның Қазақстандағы Төтенше және  өкілетті елшісі Рашад Мамедов.

Зашаған кентіндегі Әзірбайжан көшесінде  орналасқан  бұл мекен болашақта шаһар тұрғындарының тынығатын гүлзар бағына айналмақ. Өйткені мұнда архитектуралық арка, су ағатын науа (лоток) орнатылып, айналдыра қоршай және ортасына көздің жауын аларлық  гүлдер мен шырша көшеттері отырғызылып, көгалдандырылады.

Гүлсезім  БИЯШЕВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар