16.09.2019, 21:36
Қараулар: 188
Кәріс делегациясымен кездесті

Кәріс делегациясымен кездесті

Таяуда  облыс  әкімі  Ғали  Есқалиев  Корея  Республикасынан  келген  «Leaders  Holdings»  компаниясы консорциумының  өкілдерімен  кездесті.

Корейлік тарап сапарының мақсаты – технологияларды трансферттеу және мұнай сервистік индустрияны бірлесіп дамыту және инвестиция салу мақсатында әлеуетті  серіктестер  іздестіру.

Шетелдік меймандарға «Қош келдіңіз!» айтқан Ғали Нәжімеденұлы Батыс Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктері және шетелдік инвесторлар үшін жасалатын жағдайлар туралы әңгімеледі.

– Келесі жылы ауқымы 300 га болатын индустриалды аумақ үшін инфрақұрылым жүргізу жұмыстары басталады. Бұл ретте 1 мың гектарға дейінгі алаңда жеке индустриалды аумақ құру мүмкіндігі беріледі, – деді  өңір  басшысы.

Облыс әкімі сонымен қатар өңірдің ыңғайлы әрі тиімді географиялық орналасуын атап өтті.

– Біз Батыс Қазақстан облысын өндірістік база орналасқан, жұмыс орындарын құру және серіктестік үшін жергілікті компанияларды тарту қуаттылығы жоғары өңір ретінде қарастырамыз, – деп атап өтті Leaders Holdings консорциумының бас менеджері Ли Сунджуа (Lee Sungjoa).

Инвесторлар жергілікті зауыттардың өндірістік қуаттылығын және жобаларды жүзеге асыру барысында қолдануға қажетті алаңқайларды қарастыруға дайын. Шетелдік инвесторлар мұнай сервисі, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс саласында қазақстандық-корейлік кластер жобаларын жүзеге асыруға дайын.

Кездесу соңында корейлік консорциум делегациясы облыс әкіміне қонақжайлылық танытқаны және батысқазақстандық кәсіпорындармен серіктестік орнатуға жоғары қызығушылықтарына қолдау білдіргені  үшін  алғыс  айтты.

БҚО әкімінің  жұртшылықпен байланыс  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар