10.09.2019, 15:13
Қараулар: 334
Өрттің алдын алу айлығы

Өрттің алдын алу айлығы

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға байланысты айлық өткізуді жалғастыруда.

Бүгінгі күні 18364 азаматты қамтыған7049 аула аралау жұмыстары жүргізілді. Айлыққа Департаменттің жеке құрамынан және барлық аумақтық бөлімшелерден 1240 адам тартылды.

Облыс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының қолдауымен жергілікті газет беттерінде 46 мақала жарияланды, интернет ресурстарына 63 ақпарат орналастырылды.

Тұрғын үй секторында (саяжай алабында) өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша ауқымды түсіндіру іс-шаралары Сарытау ш/а., Арман, ш/а., Көктем, Локомотив, МӨСБ, ӨСБ, Зашаған, Жазира, Құс фабрикасы кенті, Коминтерн кенті, Самал 3 ш/а,. Балауса ш/а., Болашақ, 1,2-Саяжай шағын аудандарында өткізілді.

Көбінесе өрттер пешпен жылытылатын тұрғын үй секторында орын алады. Тұрғын үй секторыныңөрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі  ең күрделі мәселе әрбір тұрғынның қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы болып қалуда.

Құрметті азаматтар! Тұншықтырғыш газбен улануды болдырмау үшін келесі ережелерді сақтау қажет:

— жылыту маусымы басталар алдында үйдегі пештерді тексеру және жөндеу;

— түтін арналары өтетін барлық түтін құбырлары, қабырғалар әктелуі тиіс;

— екі айда кем дегенде бір рет түтін жолдары мен пештерді жиналған күйеден тазалау қажет;

— пешті пайдаланған кезде көмір толығымен жанып кеткенше жапқышты жаппаңыз;

— камин ішіне көмір жақпаңыз;

— үйді жылыту үшін газ плитасын, пешті пайдаланбаңыз;

— газ құралдарын пайдаланатын бөлмеде ұйықтамаңыз;

— газ құралдары орнатылған үй-жайларды әрдайым желдетіңіз;

— газ плитасын пайдаланғанда сору құрылғысын орнатыңыз және қосыңыз.

Өрт шыққан жағдайда шұғыл қызметтердің «101», «112»нөмірлеріне дереу хабарлаңыз.

 

Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар