9.09.2019, 21:59
Қараулар: 129
Бөрліде жаңа әкім

Бөрліде жаңа әкім

«100  нақты  қадам» – Ұлт  жоспарында көрсетілген  меритократия  қағидасына сәйкес  ҚР  Президенті  Әкімшілігі  және Бөрлі  ауданы  мәслихатының  келісімімен Бөрлі  ауданының  әкімі  болып  Миржан Сатқанов  тағайындалды.

Миржан Мұнайдарұлы Сатқанов 1977 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, Түркия Республикасы Докуз Ейлюл университетін қаржы мамандығы бойынша  тәмамдаған.

Әр  жылдары:

– Орал қаласы әкімдігі қаржы бөлімінің жетекші маманы, – БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің бас маманы, бөлім  бастығы,  бастығының  орынбасары;

– БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті (басқарма) директорының (бастығының) орынбасары;

– БҚО кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы;

– БҚО жолаушылар көлігі және аутомобиль жолдары басқарманың басшысы болып қызметтер  атқарған.

2018 жылдың наурыз айынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

Ал  ауданның  бұрынғы  әкімі  Санжар  Әлиев ҚР  Тұңғыш  Президентінің  канцеляриясына  ауысты.

Батыс  Қазақстан облысы  әкімінің  жұртшылықпен  байланыс  жөніндегі  қызметі

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар