5.09.2019, 21:03
Қараулар: 187
Көздіқараның кәсіпкер келіні

Көздіқараның кәсіпкер келіні

Сырым  ауданында  жастарды  қоғамдық пайдалы  істерге  жұмылдыра  отырып, кәсіпкерлікке  ынталандыратын   «Жас кәсіпкер»  бастамасы  қарқынды  жүруде.

Жоба бойынша 18-29 жас аралығындағы өзіндік ой-арманы, мүдде-мақсаты бар жастар кәсіпкерлікке оқытылады және оларға 505 мың теңге қайтарымсыз гранттар беріледі. Оның ішінде жұмыссыз немесе өзін-өзі қамтушы жастарға басымдық беріледі. Бағдарламаға қатысу үшін жастар кез келген бағытта пайдалы жоба ұсынса болғаны. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша берілетін мемлекеттік грант қайтарымсыз әрі ол қаржыға алынған қажетті дүниенің барлығы жастардың өзінде қалады.

Көздіқара ауылының 19 жастағы тұрғыны Асылхан Салық – осы жобаға қатысушылардың бірі. Ол «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда дәулет бер!» деген сөзді ұстанып, жастайынан кәсіппен айналысуды жөн көрген.

–  Өз ісімді ашуға бел байлап, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығындағы мамандарға жолықтым. Биылғы маусым айында орталықтың жолдамасымен «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқып, сертификат алып, бағдарлама арқылы жеке шаруашылығымды дамыту үшін 505 мың теңге қайтарымсыз грант алдым. Алған қаржыға 15 тоқты, алты  ешкі сатып алдым. Сонымен қатар мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алып отырмын. Бағдарламаға қатысып, соның арқасында жеке шаруашылығымды дамытып, жоғары табысқа қол жеткізуге мүмкіндік алдым, – дейді Асылхан Ерболқызы.

Саламат  ИМАНҒАЛИЕВ,

Сырым аудандық  халықты  жұмыспен  қамту орталығының  директоры