5.09.2019, 20:34
Қараулар: 151
«OCTAGON GLOBAL-2» турнирі өтпек

«OCTAGON GLOBAL-2» турнирі өтпек

14 қыркүйекте Қала күні мерекесі аясында Мұз сарайында кәсіпқой аралас жекпе-жектен халықаралық «OCTAGON GLOBAL-2» турнирі өтеді. Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз мәслихатына келген «OCTAGON PROMOTION» промоутерлік компаниясының президенті Нұраддин Садықов пен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бұқаралық спортты дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Мұқанов  аталмыш турнир туралы сөз қозғады.

Турнирге Ресей, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның әр түкпірінен жекпе-жек майталмандары қатыспақ. Халықаралық шара «OCTAGON PROMOTION» промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен, ҚР Жауынгерлік жекпе-жек ассоциациясы мен қала әкімдігінің қолдауымен өткізілмек.

– Басты жекпе-жекте Батыс Қазақстан өңірінің тумасы, аралас жекпе-жек алаңында жеңіліс тауып көрмеген, OCTAGON лигасының қазіргі таңдағы 56,7 салмақ дәрежесіндегі чемпионы Алтынбек Мағаз (7-0-0) – тағы бір жеңіліп көрмеген жампоз, алматылық Азат Мақсұмға (4-0-0) қарсы өзінің чемпиондық тәжін қорғайтын болады, – дейді Нұраддин Рысбайұлы.

Сонымен қатар сегізбұрышқа Аслан Өтеғалиев, Сұлтанбек Меңдібаев, Виталий Железнов, Евгений Назаров, Жігер Жұмашев сынды оралдық файтерлер де шығып, ел намысын қорғамақ.

Промоутерлік компанияның Қазақстанның әр аумағында халықаралық турнирлер ұйымдастырудағы негізгі мақсаты – еліміздің әр жарыстар аралас жекпе-жек саласына қатысты жаңа дарындарды  тауып, оларды  әлемдік деңгейге шығару.

(сурет ғаламтордан алынды)

Өз  тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар