5.09.2019, 20:31
Қараулар: 173
Қос дойбышымыз – Әлем чемпионы!

Қос дойбышымыз – Әлем чемпионы!

Жақында Кранево (Болгария) қаласында дойбыдан өткен әлем чемпионатында өңіріміздің жасөспірім дойбышылары Анель Дәулетова мен Тоғжан Тәжібекова өте сәтті өнер көрсетіп, әлем чемпионы атанды.

Әлемнің 19 елінен 200-ге жуық спортшы қатысқан дүниежүзілік додада Анель 16 жасқа дейін,  Тоғжан 13 жасқа дейін дойбыдан әлем чемпионы атанса, алты дүркін әлем чемпионы Алтынай Жұмакелдиева әйелдер арасында тұңғыш халықаралық гроссмейстер атағын иеленген қазақстандық атанды.

Чемпионаттан жеңіспен оралған дойбышылардың бапкері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Данияр Жұмакелдиев шәкірттері туралы былай дейді:

– Анель Дәулетова №19 орта  мектептің 10-сыныбында оқиды. Ол дойбыдан екі дүркін әлем чемпионы, бірнеше дүркін Қазақстан, Азия чемпионы, IDF шебері. Онымен жеті жылдан бері жұмыс жасап  келемін.

Тоғжан Тәжібекова қаламыздағы №42 «Ақ ниет» гимназиясының 7-сынып оқушысы. Ол да бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, екі дүркін Азия, екі дүркін әлем чемпионы атанды. Тоғжанды бес жылдан бері жаттықтырып келемін. Мен жас дойбышыларымның болашағынан үлкен үміт күтемін, – дейді бапкер.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар