2.09.2019, 15:27
Қараулар: 319
Балалар өмір гүлі және біз олардың қауіпсіздігін сақтаймыз!

Балалар өмір гүлі және біз олардың қауіпсіздігін сақтаймыз!

Балалар – өмірдің гүлі және еліміздің мақтанышы. Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы — мемлекетіміздің басты  қамқорлығы. Біз олардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне жоғары жауапкершілік танытуымыз қажет.

Білім күніне орай ауданның барлық мектептеріндегі мұғалімдер арасында өрт қауіпсіздігі ережелері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, оның мақсаты — ұстаздар үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелеріне, өрттің алдын алу шараларына және олар туындаған жағдайда дұрыс әрекеттерге, сондай-ақ басқа да ТЖ ережелерін естеріне түсіру.

Оқу жылының барысында ұстаздар оқушыларымен аудандық өрт сөндіру бөлімдеріне саяхатқа барады. Барлық мектептерде, колледждерде, басқа да оқу орындарында «Балалардың отпен ойнауы», «Мектепте және үйде өрт шыққан кездегі оқушылардың жүріс-тұрыс тәртібі», «Өрт кезіндегі іс-әрекет»тақырыптары бойынша ашық сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар, өрт және төтенше жағдайлар туындаған кезде балаларды эвакуациялау бойынша мектеп әкімшілігіне практикалық сабақтар ұйымдастырылады.

         Мұндай объектілерде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірқатар шарттары: аумағына байланысты жалпы талаптар мен өрт кезінде автоматты дабыл беру жүйелері, шұғыл түймелер, өрт сөндіру құралдары. Сондай-ақ, мекеменің ұжымы толықтай тексерілген, біліктілігі бар және төтенше жағдайлар кезіндегі жүріс-тұрыс бойынша нұсқау алып, талаптардан өтуі қажет. Ал ақпараттық бұрыштардағы стендтерде әрбір бала білуі қажет ақпарат болуы тиіс.

Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің

Бөрлі ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы

азаматтық қорғау майоры

А. Идалиева

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар