2.09.2019, 15:25
Қараулар: 132
Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері

Өрттің қуаты әрі өршігіш әрі қауіпті. Бүгінде өртке қарсы күрес мәселелеріне көп көңіл бөлінеді.Себебі өртті сөндіргеннен оның алдын алған оңай. Қазіргі таңда өрт қауіпсіздігі мәселелерімен тек қана қажетті қару-жарағы мен техникасы бар мамандар ғана емес, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ерікті өрт сөндіру күзет қызметкерлері, ауылдық жерлерде ашылған өрт сөндіру бекеттері де айналысады.  Әрбір адам оттың жануына жол бере отырып өзінің өмірін, денсаулығы мен материалдық әл-ауқатын зор қатерге тігетінін түсінуі тиіс.

Осыған байланысты, Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Сізге ормандардағы өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелерін еске салады:

— орманда алау ерекше қажет болған жағдайда және арнайы дайындалған жерлерде ғана жағылады;

— отты нақты ережелер бойынша жағыңыз;

— оттымұқият сөндіріңіз;

-темекі және сіріңкені тастамаңыз;

— орманда жанудың аздаған белгілері байқалса, оларды жою бойынша барлық шараларды дереу қолданыңыз;

— орман қызметкерлеріне оқиғаны хабарлауды ұмытпаңыз;

— егер өрт сөндіруді өзіңіз жеңе алмасаңыз, ол туралы «101» және «112» нөмірлеріне қоңырау шалып, телефон арқылы хабарлаңыз, оларға желі байланысы болмаған жағдайда да қоңырау шалуға болады.

Батыс Қазақстан облысының ТЖД

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар