2.09.2019, 15:22
Қараулар: 135
Өрт қауіпсіздік айлығы

Өрт қауіпсіздік айлығы

Статистика бойынша өрттің ең көп саны тұрғын үй секторында орын алады. Өрттердін негізгі шығу себептері электроқондырғыларды монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, тұрғындардың отқа салғырт қарауы, пештерді қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Өрт қауіпсіздігі айлығы ішінде ағымдағы жылдың 24тамыз күніОрал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасықызметкерлерітұрғын үй секторындағы өрттің алдын алуы бойыншажұмыстаржүргізді.

Тұрғын үйлерді аралау кезінде тұрғындарға түсінік жұмыстары жәнетұрғын үйлерде қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Халыққа электр сымдары мен электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі жөнінде ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, халыққа әзірленген өрт қауіпсіздігі бойынша жаднамалар таратылды.Тек қана өртқана емес, сонымен қатар көміртегі тотығы газы да үлкен қауіп төндіретінін әрқашан есімізде сақтауымыз қажет. Өрт немесе көміртегі тотығы газымен улануды болдырмас үшін негізгі қауіпсіздік ережелерін орындаңыз.

Құрметті азаматтар! Өртті байқаған кезде лезде шұғыл қызметтерінің «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарлаңыз.

Орал қ. ТЖБ бас маманы

азаматтық қорғау аға лейтенантыБ. Катчеков

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар