2.09.2019, 15:18
Қараулар: 298
Жеңіл автомобильдің жануы

Жеңіл автомобильдің жануы

Автомобильдің жануы-ең қауіпті жағдайлардың бірі. Қазіргі заманғы сериялық машиналар жасалған материалдар отқа төзімді емес, автокөліктерде өрт шыққан жағдайда бірнеше минут ішінде толық жанып кетуі мүмкін.

Автокөлік 5-6 минутта жанып кетеді және көбінесе бұл автокөлік иесінің көзінше болады. Өртеніп кеткен автокөліктен  темір қаңқа мен қозғалтқышы ғана қалады. Бұл жерде автокөліктер не себепті жанады деген сұрақ туындайды?

Бұл жағдайдың негізінен үш негізгі себебі бар, соның салдарынан автомобильде өрт шығу қаупі бар. Қысқа тұйықталужағдайларынан шамамен 50 %, қасақана өртеуден — шамамен 30 %, бөлшектердің механикалық тозуынан шамамен 20 %өрт шығу қаупі бар.

Қысқа тұйықталудың пайда болу себебі шанақтың бөліктері арасында қысылған сымның кесрінен, автомобильге қосымша электр тұтынушылар орнатылғаннан кейін температураның тұрақты ауытқуынан сымдардың оқшаулануының зақымдануы және агрессивті ортаның ықтимал әсерінен, сондай-ақ олардың жалғанған жерінде сымдардың нашар байланысуынан болуы мүмкін.

2019 жылғы 1 қыркүйекте сағат 06.26-та«БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ»ММ Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына Орал қ., Сарыарқа 51 мекенжайында автокөлікте өрт шыққаны туралы қоңырау келіп түсті. № 3 ӨСБ өрт сөндірушілері шақырту орнына келіп, барлау жұмыстары жүргізілуі кезінде: «Volkswagen Sharan» маркалы автокөлігінде Мотор бөлігі өртенгені анықталды. Аталған өртті сөндіруге жеке құрамның 7 адамы және 1 техникасы жұмылдырылды. Сағат 07.02-де  от толығымен жойылды.

Бұл өртте зардап шеккендер жоқ.

Келесідей қарапайым қауіпсіздік ережелерін орындай отырып, қайғыдан құтылуға болады:

  1. ТҚК-ні уақытында өту.
  2. Магнитоланы, сигнализацияны, қозғалтқышты іске қосу алдындағы жылытқышты тек арнайы мамандандырылған орталықтарда орнату қажет.
  3. Егер газ жабдығы тұрса, онда мерзімді түрде мамандандырылған шеберханада өту керек, ал газдың иісі пайда болған жағдайда дереу маманға бару керек.
  4. Автомобиль салонында әрдайым жарамдық мерзімі өтпеген ұнтақты екі литрлік өрт сөндіргіш болуы керек.
  5. Барлық электр жабдықтарының жарамдылығын қадағалау қажет.
  6. Қозғалтқыштың герметикалығын, сондай-ақ отын аппаратурасының жарамдылығын қадағалау.
  7. Мотор бөлігінде бөгде, оңай тұтанатын заттарды ұстамау қажет.

Б.Хайбуллина

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар