Халықаралық форум өтеді

Күні , 4 236 рет оқылды

Bd8xDkEdyG0


Үстіміздегі жылдың 28-31 мамыр аралығында Орал қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында халықаралық форум өтеді. Оны ұйымдастырушылар – Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ және БҚО әкімдігі.


Форумға өз еліміздің ғалымдарымен қатар АҚШ, Чехия, Корея сияқты шет мемлекеттерден, Ресей мен Украинадан ғалымдар келмекші.

Олардың қатысуымен тарих сабақтары өткізіледі, түрлі тақырыптарға баяндамалар жасалады, пікірталастар оздырылады. Қонақтар Орал қаласының жастарымен кездеседі. Сондай-ақ  форумға қатысушылар Сырым ауданы Жымпиты ауылына сапарлап, онда түрлі кездесулер мен шаралар өткізеді деп күтілуде.

Е.ҚЫСТАУБАЕВ



Тегтер: , ,


БҚО, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1
zhaik_presscenter@mail.ru
oral_oniri@inbox.ru
support@oraloniri.kz

Орал өңірі" газетінің бас редакторы: 51-25-80
Бас редактордың орынбасарлары: 24-17-08, 54-18-08
Жауапты хатшы: 54-38-22
Тілшілер: 50-66-88, 51-50-34
Жарнама бөлімі: 51-51-09
Яндекс.Метрика