2.09.2019, 22:20
Қараулар: 353
Веложорықшылар Тасқалаға келді

Веложорықшылар Тасқалаға келді

ҚР Конституциясы күніне орай облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Орал – Тасқала – Орал» бағытында веложорық ұйымдастырылды.

Аудандық мәдени ойын-сауық орталығының алдында жастармен кездескен спортшылар өздерінің мақсат-міндеттерімен таныстырды.

Топ мүшесі Владимир Пивеньнің айтуынша, спортшылар велосипедпен облыстың біраз жерін аралаған екен. Топ құрамында  жастармен қатар, сала ардагерлері де бар. Жасы ең үлкен спортшы 63 жасар Нұрлан Салымов, сондай-ақ Қазақстан чемпиондары 2001 жылғы Никита Казакевичус пен 2002 жылғы Илья Герасимов бар. Бос уақыттарында веложорықтан өзге де спорт түрлерімен шұғылданатын спортшылар республикалық және халықаралық додаларда жетістікке жетіп жүр.

– Жалпы  120 шақырым жолды бағындыруымыз қажет. Веложорыққа түрлі жастағы 30-ға жуық спортшы шығуымыз керек еді.

Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты жас балаларды орта жолдан кері қайтардық. Тәжірибелі жігіттер мен сала ардагерлері мәре сызығына дейін жеттік, – дейді Владимир Пивень.

Әсем АМАН,

Тасқала ауданы