29.08.2019, 22:42
Қараулар: 548
Алдағы апта Оралға арналады

Алдағы апта Оралға арналады

Ақ Жайық атырабындағы ажарлы һәм базарлы Орал шаһары кезекті «Қала күні – 2019»  мерекесін тойламақ.  Қала күніне арналған мәдени-көпшілік, спорттық шаралар легі бір аптаға ұласады.

Бұл туралы кеше өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов мәлімдеді.

– Өздеріңізге мәлім, жыл сайын қыркүйек айының басында дәстүрлі Қала күні тойланады. Соған орай биыл да ауқымды шаралар жоспарланған болатын. Қала күнінің логотипі анықталды. Логотипте үш толқын бейнеленді. Ол Орал қаласындағы үш өзен: Жайық, Шаған, Деркөл. Сондай-ақ Орал жасыл желекке бөленген  қала болғандықтан, «Орал» жазуы жасыл түспен боялды. Сары түс өңіріміздегі ауыл шаруашылығының, әсіресе, егін шаруашы-лығының дамығанын көрсетеді.  Логотипті жергілікті жарнама агенттігі дайындап берді. Қала күні аясында 40-қа жуық шара жоспарланып отыр. 2 қыркүйектен бастап Гагарин атындағы ки-нотеатрда отандық үздік фильмдер  көрсетіледі. Мерекелік шаралардың шымылдығы 3 қыр-күйек күні Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатрында «Орал-Опера» классикалық музыка концертімен ашылады. Одан кейін Орал қаласы әкімінің кубо-гі үшін КТА фестивалі, I облыстық «Жайық би  әлемі» би фестивалі, Абай алаңында танымал диджейлердің қатысуымен жастарға арналған «OPEN AIR» би кеші, гүлдер фестивалі, «Сапалы өнім – 2019» көрмесі, ұлттық киімдер фестивалі өтеді. Айта кетейік, облыс халқы көптен күткен «Исатай мен Махамбет» ескерткіші 7 қыркүйекте ашылады. Қала күніне байланысты бір аптаға  жоспарланған іс-шаралар П. Атоян атындағы стадионда еліміздің эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылатын гала-концертпен аяқталмақ. Гала-концертте елімізге танымал Кәмшат Жолдыбаева, Нұржан Керменбаев, Нұрболат Нұрбердиев секілді әншілер өнер  көрсетпек. Қала күніне орай бюджеттен 9 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Және осындай көлемді қаражат демеушілер тара-пынан да қарастырылды,  – деді  Бақытжан  Хаберұлы.

Гүлсезім  ЕРБОЛАТҚЫЗЫ,

«Орал  өңірі»

                           

«Қала күні — 2019» мерекесінің бағдарламасы

                                                   3  қыркүйек
19.00 «Орал-Опера» классикалық музыка концерті Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры
19.00 Орал қаласы әкімінің кубогы  үшін КТА фестивалі Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры
                                                                     5 қыркүйек
19.00 I Облыстық «Жайықтың би әлемі» би фестивалі Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының амфитеатры
21.00 «OPENAIR» танымал диджейлердің қатысуымен жастарға арналған би кеші Абай алаңы
6 қыркүйек
10.00 №5 кітапхана филиалының жаңартудан кейінгі ашылуы Зашаған кенті, Жәңгір хан көшесі, 50
16.00 «X – Fitness» фитнес орталығының ашылуы М. Жүнісов көшесі, 134
17.00 I Қалалық «Ұлттық мектептер лигасының» ашылуы «Жастар» стадионы
18.00 III «Жайық сазы» дәстүрлі өнер фестивалі Жайық өзенінің жағалауы
                                                                      7 қыркүйек
09.00 Қала әкімінің «Қала күні» мерекесіне арналған салтанатты қабылдауы Облыстық филармонияның концерт залы
10.00 «Променад» бағдарламасы, қолөнер жәрмеңкесі, «Шеберлер қалашығы», гүлдер фестивалі, «Оқитын қала» акциясы, буккросинг, асық ату, бес асық, фестиваль «Биле, Орал» (брейк-данс), фотокөрме, суретшілердің шеберлік сағаттары Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Д. Нұрпейісова көшесі (Арбат)
11.00 «Сапалы өнім — 2019» көрмесі  ҚР Тұңғыш Президент алаңы
11.15 «Ақжайық» этноауылының жұмысымен танысу ҚР Тұңғыш Президент алаңы
11.30 Ұлттық киімдер фестивалі Ассамблея үйінің алаңы
16.00 «Исатай мен Махамбет» ескерткішінің ашылуы  Зашаған кенті бағытындағы жол
17.00 Орал қаласы әкімінің кубогы үшін волейболдан «Достық-Дружба» халықаралық турнирінің ашылуы  Әйтиев көшесіндегі спортзалы
20.00 Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін қала күніне арналған мерекелік гала-концерт П. Атоян атындағы стадион

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар