29.08.2019, 22:15
Қараулар: 347
Жеңіл көлік жанып кетті

Жеңіл көлік жанып кетті

Тамыздың 28-і күні сағат 18.15-те «БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ» ММ күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына С. Датов көшесінің бойында орналасқан «Астана» сауда үйі аялдамасының жанындағы жеңіл аутокөліктен өрт шыққандығы туралы қоңырау келіп түсті. Отқа оранған 2011 жылы шығарылған Hyundai Accent аутокөлігіне қатысты жалынды ауыздықтауға жеке құрамның 6 адамы және 1 техника жұмылдырылып, сағат 18.28-де тілсіз жау толықтай сөндірілді. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі, көліктің иесі мен оған келтірілген шығын және кінәлі адамдар анықталуда.

Көлігіңіз отқа оранбасын десеңіз, өрт орын алуы мүмкін әр жағдайға мұқияттылық таныту керек. Ол үшін темір тұлпарыңызды уақтылы техникалық тексеруден өткізіп, бөгде иістерге, жалғағыш түтіктердің бүтіндігіне, жекелеген жүйелер мен агрегаттардың дұрыс жұмыс істеуіне назар аударған дұрыс.

БҚО ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар