28.08.2019, 22:03
Қараулар: 190
Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі  айлығын өткізу туралы

Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі  айлығын өткізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын жаңа жылыту маусымы басталар алдында тұрғын секторда өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға байланысты айлық өткізеді.

Өткен демалыс күндерде ТЖД қызметкерлері өрт сөндіру бөлімінің шығу ауданында орналасқан тұрғын үйлерді, шаруашылық құрылыстарды аулаларды аралап (сенбілік), ұсыныстар мен жаднамаларды таратты. Тұрғын үй секторында (саяжай алабында) өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша ауқымды түсіндіру іс-шаралары Сарытау ш/а., Арман, ш/а., Көктем, Локомотив, МӨСБ, ӨСБ, Зашаған, Жазира, Құс фабрикасы кенті, Коминтерн кенті, Самал 3 ш/а,. Балауса ш/а., Болашақ, 1,2-Саяжай шағын аудандарында өткізілді.

Осы салтанатты іс-шараға Департаменттің жеке құрамынан 620 адам жұмылдырылды, 11405 адамды қамтыған 4365 аула аралау жүргізіліп, өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтау бойынша 11405 жаднама таратылды.

ТЖД шөп шабу кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау туралы ескертеді. Облыс тұрғындары, шаруа қожалықтарының басшылары, жер учаскелерінің иелері мен жалдаушылары өртті болдырмау мақсатында келесі сақтық шараларын орындау қажет: ұшқын сөндіргіш қондырғылармен жабдықталмаған автотракторлық техниканы, өрт сөндіру құралдарымен жабдықталмаған отын және гидравликалық жүйелердегі ЖЖМ ағындыларын жұмысқа жібермеу; сөндірілмеген алау, бықсыған темекі және сіріңкелерді қалдырмау; тиесілі және жалға алынған шөп шабу орындарында ірі жем-шөп жинауды толық көлемде жүргізу; шөп шабу орындарын ғимараттан, автожолдардан кемінде 100 метр және электр беру желісінен 30 метр қашықтықта, шөптен және ірі жем қалдықтарынан тазартылған стационарлық алаңдарда, маялар арасында бір-бірінен кемінде 50 метр қашықтықта орналастыру қажет; шөп шабу аумақтарында ашық отты қолдану арқылы жұмыс істеуге, шөп пен сабан шабу маясының жанында темекі шегуге жол берілмейді, жайтартқыштар, өрт қалқандары, су құйылған сыйымдылықтар орнату, аумақты құлату қажет.

Жем дайындау кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоғарыда аталған іс-шараларды орындау өртті болдырмауға көмектеседі.

Өрт қауіпсіздігі айлығын өткізу аясында сенбіліктер апта сайын өткізілетін болады.

 

Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және

азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар