28.08.2019, 21:58
Қараулар: 301
Жүректен жүрекке!

Жүректен жүрекке!

Бірінші қыркүйек — Білім күні. Ол мектеп жасындағы балалар үшін мереке болуы тиіс. Баланы мектепке дайындау, қажеттінің барлығын сатып алу-өте шығынды іс. Бірнеше бала тәрбиелеп отырған отбасына, әсіресе, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасына қиындық тудырары баршаға анық.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстанда қайырымдылық республикалық акциясы өткізіледі.

Биылғы жылы акция «Жүректен жүрекке!» ұранымен жүзеге асырылуда.

Акцияның басты міндеті балаларды жаңа оқу жылына әзірлеуге көмектесу.  Оқушылар киім, аяқ киім, кеңсе тауарларының жоғынан сабақтарынан қалмасын деген ниетпен басталған шара.

«Мектепке жол» акциясы Қазақстанда 2008 жылдан бастап Елбасының бастамасымен өткізіледі. Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жыл сайын осы акцияға қатысады. Ағымдағы жылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері көп балалы ана Айманға көмек көрсетті.

Айман-көп балалы ана, төрт баланы жалғыз өзі тәрбиелеуде. Қызметкерлер көп балалы отбасына оқу құралдарын сыйға тартты.

Егер Қазақстанның әр тұрғыны аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетсе, балалардың мектепке баруы артады, яғни жалпы білім беру деңгейі өседі. Бұл біздің мемлекетіміздің өркендеп дамуына мүмкіндік береді, сондықтан мұндай акциялар бір күндік емес, жылма жыл болуы тиіс.

Балаларға бірігіп, мектепке баратын  жол көрсетейік!

 

Орал қаласы ТЖ басқармасының инженері

азаматтық қорғау майоры И.К. Утешева

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар