26.08.2019, 22:02
Қараулар: 395
Ақынның тойы – елдің тойы

Ақынның тойы – елдің тойы

ҚР  Мемлекеттік  сыйлығының  иегері,  ақын Ақұштап  Бақтыгерееваны 75  жас  мерейтойымен  облыс  әкімі Ғали  Есқалиев  арнайы құттықтап,  ықылас  гүлін  табыстады.

– Құрметті Ақұштап апа, мерейлі жасыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз! Біз өзіңізбен мақтанамыз. Туған жерді қадірлеу, ана тілдің тағдыры, ананың рөлі, жастар тәрбиесі, елдің бірлігі секілді мәңгілік құндылықтарды жырларыңызға арқау етіп келесіз. Сіздің мерейлі жасыңыз елдің тойы деп есептейміз. Қарымды қаламыңыздан туған жырлар – ұрпақтан-ұрпаққа табысталатын құнды мұра. Былтыр Елбасының қолынан алған Мемлекеттік сыйлығыңыз өңіріміздің абыройын асқақтатты. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, – деді өңір басшысы. «Ақ Жайықтың ақ шағаласы» атанған  аяулы ақын мерейлі күніне орай шақырып, құрметтеген  облыс  әкіміне алғысын жеткізді.

– Табиғат берген дарынды өлтірмей, елдің арман-тілегін, мұңмұқтажын жырлап келемін. Менің жолым  Жайық жастарына үлгі-өнеге  болсын  деп  өмір  сүрдім.

… Білмеймін келетінін күзім неше, Көрермін үміт жібі үзілмесе.

Мен үшін көп ештеңе керегі жоқ, Ақ Жайық жетіп жатыр қызым десе, – деп ризашылығын  жырмен  өрнектеді  Ақұштап  ақын.

Гүлсезім  БИЯШЕВА,

«Орал  өңірі»

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар