23.08.2019, 10:19
Қараулар: 289
«Ақыл – мизан, өлшеу қыл»

«Ақыл – мизан, өлшеу қыл»

Теректі аудандық мәдениет үйінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Ақыл – мизан, өлшеу қыл» деген атаумен облыстық Абай оқулары өтті. Байқауда облыстың барлық ауданынан және Орал қаласынан келген үміткерлер бақ сынасты.

Байқаудың шымылдығы «Дат» халықтық театры дайындаған театрландырылған көрініспен ашылып, аудан әкімі Әділ Жоламанов қаты-сушыларға сәттілік тіледі.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ардагер ұстаз Ғазиза Рахметова, облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры

Мәулет Жұбатов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева, Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының актері, «Дат» театрының режиссері Жамбыл Заевтан құралған әділқазылар алқасы өнерпаздар өнерін сарапқа салды. Сайыс нәтижесінде байқаудың жеңімпазы болып Орал қаласынан келген Сабыржан Ырысқалиев танылып, 100 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. ІІ орынды Кенесары Болғанбаев (Бөрлі ауданы), ІІІ орынды Саягүл Күлмұханова (Теректі ауданы) мен Алтынбек Айғалиев (Бәйтерек ауданы) еншіледі. Қатысушылардың барлығы ұйымдастырушылар атынан алғысхатпен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Үміткер ОРЫНҒАЛИЕВ,

Теректі ауданы